30.04.2018, 11:53 4649 Әкім Бурабайда өтетін веложарысқа қатысады

Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өңір тұрғындары мен қонақтарын 30 сəуір Щучье-Бурабай курорты аймағында өтетін «VeloBurabay-2018» веложарысына қатысуға шақырды.

«Бурабайда өтетін ертеңгі жарысқа жаттығып жатырмын. Велосипедпен 25 шақырымды жүріп өттім. Баршаңызды осы веложарысқа шақырамын», -деп жазды аймақ басшысы өзінің Фейсбук парақшасында.

Сонымен қатар, Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында веломаусымның ашылуы жəне Астана қаласының 20 жылдығына арналған аталған спорт шарасына 200-ден астам адам қатысатыны айтылған.

«Веложарыс салауатты өмір салтын насихаттауды, сондай-ақ, Щучье-Бурабай курорты аймағының танымалдағын арттыруды көздейді», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, «BurabayLand» веложарыс 30 сəуірде сағат 10:15 «Бурабай» аумағында өтеді. Оған кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар 28 шақырым жолды жүріп өтпек.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал