11.01.2018, 12:45 2171 «Атлетиконың» бұрынғы ойыншысы «Жетісуға» ауысады

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының капитаны Дінмұхамед Кашкен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Жетісуға» қосылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА. 

Кашкен өткен маусымды «Астананың» құрамында өткізіп, команданың капитаны болды. Ол елдің жасөспірімдер құрамасына тұрақты шақырылып тұрады. Футболшы 2015 жылы жарты жыл бойы мадридтік «Атлетикаоның» екінші командасымен жаттығып, тіпті келісімшарт жасау туралы ұсыныс та алған болатын. Алайда, Еуропалық одақтың заңдары мен трансферлік банға байланысты сондай-ақ бюрократиялық кідіріс салдарынан клубтың құрамында қала алмады.

17 жастағы Дінмұхамед Кашкен Грузиядағы Сулаквелидзе атындағы академияда жаттыққан. Соңғы екі жылын Қазақстан чемпион дублінің құрамында өткізді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал