11.10.2018, 11:15 1570 Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында дзюдошылар додасы аяқталды. Қазақ балуаны Бекарыс Сәдуақас аралас командалық сында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бекарыс Эквадор, Австрия, Алжир, Бразилия, Перу, Канада және Бахрейн спортшыларымен бірге "Лондон" командасының намысын қорғаған болатын. 

Жартылай финалда "Лондон" аралас командасы "Бейжің" командасынан жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Еске сала кетейік, Бекарыс Сәдуақас 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал