10.10.2018, 10:00 511 Данияр Елеусіновтің промоутері GGG-мен бірге жұмыс істегісі келеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың промоутері Эдди Хирн орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) қызығушылық танытып отыр.
Танымал промоутердің сөзіне қарағанда, ол Геннадий Головкин, Сауль Альварес (50-1-2, 34КО) және Мэнни Пакьяо (60-7-2,39КО) сынды танымал бокс жұлдыздарымен жекпе-жектің телекөрсетілімі бойынша келісімшарт жасаспақшы.
«Мен GGG-ның менеджері Том Леффермен жақсы қарым-қатынастамын, біз жекпе-жектерді ұйымдастыруда әріптес болғанбыз. Мен оған Геннадий Головкинді біздің DAZN телекөрсетілімі аясында бокстасқанын қалайтынымызды айттым. Сонымен қатар, мен Альварес және Пакьяоменде бұл мәселе жөнінде сөйлестім. Әрине, үшеуіменде келісімге келемін деп айта алмаймын. Алайда, олардың бірі қатарымызға қосылатынына сенімдімін» ,-деді Эдди Хирн.
Айта кетейік, HBO телеарнасы Геннадий Головкин мен Сауль Алварестың екінші жекпе-жегінен кейін, кәсіпқой бокс телетаратылымы базарынан кететінін жариялады. Осылайша, Showtime және ESPN телеарналары алдағы уақытта GGG, Canelo бокс кештерін ұйымдастыруға мүдделі болып отыр. Эдди Хирн бұл күнде Данияр Елеусінов, Келл Брук, Дэниел Джекобс және Энтони Джошуа сынды танымал боксшылардың промоутері.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал