12.10.2018, 11:46 519 Диана Назарова жасөспірімдер Олимпиадасында үздік сегіздікке енді

Қазақстандық  Диана Назарова 50 метрге шалқалай жүзуде үздік сегіздікке енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Диана Назарованың көрсеткіші – 29.55. Бұл сында алтын жүлде австралиялық Кайли Маккиуонның (28.28) еншісінде кетті. Күміс және қола жүлдені Ресей мен Франция спортшылары иеленді.

Спортшы жасөспірімдер Олимпиадасындағы көрсеткішіне қатысты өз пікірін білдірді.

 - Шынымды айтсам, нәтижені көргенде, өз көзіме өзім сенбедім. Әрине, алғашқы сегіздікке кіремін деген жоспар болған. Бірақ кешегі жағдайдан соң аздап сенім кете бастады. Қазіргі сәтім де керемет дей алмаймын. Десе де, финалда өнер көрсеттім. Қобалжып кеткен шығармын... Барлығы біз ойлағандай жақсы болмаса да, ақтық сынға өткеніме қуаныштымын. Ертең бізде эстафета. Міндетті түрде финалға өтуге тырысамыз, - дейді Диана.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал