10.10.2018, 12:05 269 Дмитрий Панарин топтық сыннан аса алмады

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында  жеңіліссіз келе жатқан Дмитрий Панарин өз тобындағы соңғы кездесуде жеңілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бадминтоннан жүлдеге таласты жалғастыру  үшін Панарин жапондық Нараока Кодайды жеңуі тиіс еді. Алайда, Панарин қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. 

Енді жерлесіміз командалық және аралас жұптық сында ғана өнер көрсетеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал