12.10.2018, 6:43 1666 Қазақстанда алғаш рет инклюзивті футбол клубы ашылды

«Қайрат» футбол командасының Т.Сегізбаев атындағы футбол академиясында «Аңсау» атты Қазақстанда алғашқы инклюзивті балалар футбол клубының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Мейірім» еріктілер қоғамы» қоғамдық қоры мен «Қайрат» ФК-нің «Аутизмді жеңуге болады» атты әлеуметтік жобасы аутизм дертіне шалдыққан балаларды спортқа баулуға мүмкіндік береді. «Мұндай тәжірибе - бірегей, себебі аутист балалар бір-бірімен әрекеттесе алмайды. Жаттықтыру процесінің бүгінгі мысалы бұл жағдайды өзгертуге болатынын көрсетіп отыр», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

«Аутизмді жеңуге болады» жобасы өз жұмысын 2013 жылы Алматы қаласындағы аутист балалардың ата-аналары қауымдастығында бастаған. Жоба балалары аутистік спектр ауытқуына душар болған қазақстандық отбасыларға көмектесуге бағытталған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал