12.10.2018, 13:05 388 Қазақстандық панчер Әли Ахмедов 10-шы қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық панчер Әли Ахмедов (13-0, 10 КО) Коста-Месадағы (Калифорния, АҚШ) бокс кешінде жекпе-жегін тағы да нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Геннадий Головкинмен бір жерде жаттығып жүрген 23 жастағы боксшының қарсыласы Мексиканың 27 жастағы боксшысы Джовани Хавьер Гомес (17-15, 11 КО) болған. Айқас қазақстандық боксшы үшін жеңіл өтіп, бірінші раундта мерзімінен бұрын аяқталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ахмедов 32 жастағы американдық боксшы Хорхе Эскалантені (9-1-1, 6 КО) нокаутқа жіберген еді. Енді Әли Ахмедовтың рекорды 13 жеңістен (10-ны нокаутпен) құралған. Қазақстандық боксшы жартылай ауыр салмақта WBC Youth World және NABF Junior белдіктеріне ие.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал