10.10.2018, 6:26 3160 «Ұлттық құраманың ойынын өзгертетін кез келді» - Станимир Стоилов

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар Лигасының қазан айында өтетін ойындары алдында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді:

- Бүгінде біздің құрама тізімінде бір өзгеріс бар. Қазақстан чемпионатында алған жарақатына байланысты Еркебұлан Тұңғышбаев алдағы ойындарға қатыса алмайды. Оның орнын «Қайрат» қорғаушысы Александр Соколенко басады. Қалған ойыншылардың денсаулығы жақсы. Ғафуржан Сүйімбаевтің денсаулығы сәл сыр берген. Екі күннен кейін қалған футболшылардың қатарына қосылады деп үміттенемін. Ұлттар Лигасының өткен ойындары мен алдағы кездесулерінің аралығында көптеген футболшылар бабына енгені байқалады. Қазан айындағы матчтар басқаша болмақ.

- Алғашқы екі ойыннан кейін құрамада көп мәселе бар екенін байқадық. Ұлттық құрамадан не күтеміз?

- Жаттықтырушылар штабы барлық мәселені қарастырып, олардың шешімін табудың жолдарын іздеді. Соңғы екі ойындағы нәтиже ұнамады. Алайда, жаман ойнадық деп айта алмаймын. Ойында басымдықты қолға алып, кейбір бөлігінде үстем құрдық. Қыркүйек айында өткен матчтар шабуылда ойнайтын футболшылар үшін қиын болды. Өйткені, олардың бірнеше ай ойын тәжірибесі болмады. Қазақстан құрамасы таңдаған жолды дамыту керек. Даму жолында әрқашан қиындықтар болады. Біреуге ойын ұнамайды. Екіншісі – нашар нәтиже. Әр қателіктен сабақ шығарып, дами түсу міндет. Қорғаныста қате жібермей, жиі гол соғу арқылы еуропалық команданың деңгейіне көтерілеміз. Екінші нөмірмен ойнап, қолайлы нәтижеге қол жеткізуге болатын еді. Ұлттық құраманың жолында екінші нөмірмен ойнау мақсаты тұр деп есептемеймін. Ұлттық құраманың ойынын өзгертетін кез келді. Қазіргі уақытта кейбір өзгерістің болғанын байқаймын. Енді нәтижені жақсарту қажет. Команда шабуыл мен қорғаныста бірдей ойнайды. Алайда, бізді нәтиже қанағаттандырмайды. Келесі кездесулерде ойынға өзгеріс енгізіп, жұмыстың жемісін көреміз деп сенемін.

- Ұлттық құраманың өткен ойындарында жылдамдық жетіспеді. Футболшылардың өз клубтарында жиі алаңға шығуымен жағдай жақсара түсті ме?

- Кейбір ойыншылардың ойын тәжірибесінің артуымен дене даярлығы жақсарады деп үміттенемін. Футболшының сенімі арта түседі. Ұзақ уақыт қосалқы құрамда отыру кері әсер етеді. Оқу-жаттығу жиындарын пайдаланып, футболшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Жаттықтырушылар штабының тарапынан сенімге ие болуы тиіс. Сол сәтте клуб жаттықтырушылары да ойыншының жоғары деңгейде ойнауға лайық екенін назар аударуы ықтимал. Осы уақыт аралығында шабуыл жүйесін көп өзгерттік. Роман Муртазаевтан бастап, Бактиер Зайнутдиновке дейін жаңа жас ойыншылар келді. Көп жағдай футбол клубтарына тәуелді екенін қайталаймын. Футболшылар жасыл алаңға шығу арқылы кәсіби шеберлігін арттыра түседі.

- Шабуылда ойнайтын Еркебұлан Тұңғышбаев жарақат алып қалды. Оның орнына қорғаушы Александр Соколенко шақырылды. Ойын жүйесінде өзгеріс бола ма?

- Бізде үш шабуылшы бар. Шабуылда ойнайтын алты позиция жабық болды. Еркебұлан Тұңғышбаевтың жарақатынан кейін ойын жүйесін қайта құрамыз. Алайда, шабуылда ойнайтын футболшылардың саны әлі де алтау. Өйткені, Ян Вороговский сол қапталда шабуылда ойнай алады. Осы жүйе сақталады. Қапталда төрт ойыншы, ал орталық алаңда – екеу. Бұл мәселені шешімз. Қақпашыларды санамағанда тізімде жиырма футболшы бар.

- Жиынға шақырылған футболшылардың тізімінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қазақстандық футболшылардың тапшылығы қаншалықты сезіледі?

- Өз клубтарында сирек ойнайтын футболшыларды шақыру арқылы қазақстандық футболшылардың тапшылығы бар екенін түсінуге болады. Кейбір қазақстандық командалардың көрсетіп жатқан ойын деңгейі көңілімнен шықпайды. Ішкі чемпионатты көтеру қажет. Сонда да ғана кез келген бапкерге жаттықтырушыларды таңдау оңай болады. Мен үшін футболшыларды жақсы дайындайтын және мағыналы ойын көрсететін командадан футболшыларды шақыру маңызды. Жергілікті жерлерде қордаланған мәселелердің түйінін шешу керек. Бұл туралы алғашқы баспасөз мәслихатында айтып өттім.

- Ұлттық құрамаға үміткер басқа футболшылар бар ма?

- Жас футболшылар бар. Біздің қазіргі құрамда жастардан құралған. Жаңа футболшылар келді. Ел намысын алдағы бес-алты жылда қорғайтын футболшылардың болғанын қалаймын. Шақырту алған жас футболшылар тәжірибе жинауы қажет.

- УЕФА Ұлттар Лигасында топтан шығу міндеті алға қойылды. Алғашқы екі турдан кейін тапсырма өзгерген жоқ па?

- Әзірге ештеңе жоғалтпадық. Соңына дейін күресіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Андоррада ұпайдан айырылмай, жеңіске жету керек еді. Еуропа Чемпионатына жолдама алудың екі жолы бар. Бірі – Ұлттар Лигасы, екіншісі – іріктеу турнирі. Жақсы команданы жасақтасақ, іріктеу кезеңі арқылы өтуге де мүмкіндік болады. Ұлттар Лигасында жеңіске жетсек, әрі қарай әр топтың жеңімпаздарымен жолығамыз. Алдағы екі ойында Латвия мен Андорра құрамаларын ұту керек. Грузияның да жығылғанын күтеміз. Сонымен қатар, ойын нәтижелері ұлттық құраманың ойыншыларының дайындығына байланысты. Олар ойын тәжірибесі үшін таласпай, қосалқы құрамда отыра беретін болса жағдай нашар. Еркебұан Сейдахмет алты айда бір рет алаңға шықты. Сол себепті Еркебұлан Сейдахмет жыл басында көрсеткен ойынын қайталай алмай жүр. «Уфа» командасының бас бапкерімен сөйлестім. Барлығы футболшыға байланысты. Әрі қарай өз мүмкіндігін қалт жібермеу қажет.

- Дмитрий Шомко «Реннмен» өткен ойында аздап жарақат алып қалғандай көрінді. Оның денсаулығы жақсы ма? Оның орнына кім капитан болады?

-  Дмитрий Шомконың денсаулығы тәуір. «Ақтөбемен» өткен ойында алаңға шықты. Капитан тақырыбын қозғағым келмейді. Біздің капитандар жиі алмасады. Кімнің капитаны болатынын алдағы ойында  көресіздер.

- Ұлттық құраманың басты мәселесі – шабуылшы. Кей жылдары чемпионатта ойнайтын ортаңқол шабуылшылар көп пайда әкелеген еді. Мәселен, Сергей Гридин. Шабуылшыны таба алмадыңыз. Осы уақытқа дейін дайындамадыңыз деп айтуға болады ма? Бір ғана ойыншылармен шектелдіңіз.

- Ұлттық құрамаға бір-екі жыл көмектесе алатын шабуылшыларды білемін. Алайда, жаңа шабуылшыларды іздейміз. Шешім қабылдадым. Шақырту алған шабуылшылардан жақсы шабуылшы таппайынша, іздеуді жалғастырамын. Сіз айтқан шабуылшылар пайда әкелді деп айта алмаймын. Өйткені, соңғы жылдары үлкен жетістіктер болмады. Ұлттық құрамаға шақырылған футболшылар ең алдымен өз клубтарында жиі ойнауы тиіс. Жыл сайын чемпионатта жиырма гол салатын футболшыны ұсыныңыздар. Сонда шақырамыз. Алайда, қазақстандық төлқұжаты бар ондай футболшы жоқ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал